ДДСҰ covid індетінің тез тарап жатқанына алаңдаулы

10 Наурыз 2022, 13:44
1468
Бөлісу:
ДДСҰ covid індетінің тез тарап жатқанына алаңдаулы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы жер жаһанды жайлаған пандемия жақын арада аяқталмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Эпидемия басталғалы әлемде 6 миллионнан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды. Тедрос Гебрейесус виурстың әлі күнге дейін адам өміріне өте қауіпті екенін ескертіп отыр. 

Қауіпті вирус өте жылдам тарауда. Әлі күнге дейін вакцинаның жетіспеушілігі, тесттің тапшылығы мен емдеу тәсілінде көптеген қиыншылықтар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше елде жаппай тестілеу шарасының қысқарып қалуына алаңдайды. Осының салдарынан індеттің қай мемлекетте ушығып тұрғанын білу мүмкін емес. Тестілеу шарасы пандемиямен күресте маңызды роль атқаратынын түсінуіміз керек, – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

Өзгелердің жаңалығы