ДДСҰ COVID-19 вакциналарының қашан жеткізілетінін айтты

17 Қараша 2020, 16:08
1536
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-19 вакциналарының қашан жеткізілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ COVID-19 вакциналарын жеткізу 2021 жылдың бірінші жартысында басталады деп күтуде. Бұл туралы ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан 16 қарашада өткен брифингте мәлімдеді, деп жазды korrespondent.net.

Жылдың бірінші жартысында біз шектеулі жеткізілімдерді жоспарлап отырмыз. Қазір жоспарлау сатысында тұрмыз. Біздің міндетіміз - қауіп санатындағы адамдарға вакцинаны қолжетімді ету және оларды қорғау. Бұл біздің мақсатымыз, - деді Сваминатан.

Оның айтуынша, бұл мәселе ең алдымен, инфекциямен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлеріне қатысты.

Сондай-ақ, Сваминатан ДДСҰ қазіргі кезеңде барлық әлеуетті өндірушімен жұмыс істейтінін атап өтті. Яғни, кандидат вакциналар түрлі жағдайда тиімді болуы мүмкін. Мысалы кейбірі қарт адамдарға көбірек сәйкес келсе, енді бірі белгілі бір сақтау және тасымалдау жағдайларын талап етуі мүмкін.

Сондықтан әлем елдері таңдау жасай алуы үшін бізге вакциналар портфелі қажет, - деп қорытындылады Сваминатан.

Бұрын Pfizer вакцинасының 90%-дан астам тиімділік көрсеткені хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы