ДДСҰ басшысы пандемияның қашан аяқталатынын айтты

21 Желтоқсан 2021, 11:40
1077
Бөлісу:
ДДСҰ басшысы пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Ол үшін келер жылдың ортасына дейін әлем халқының 70 проценті вакцина салдыруы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ қазір мамандарды омикрон алаңдатып отырғанын айтты. Өйткені қолда бар мәлімет бойынша, бұл штамм дельтадан да жылдам тарайды. Соңғы ақпарат бойынша, өткен айда ғана анықталған жаңа мутация әлемнің 90-нан аса елінде тіркелген.

Омикрон тез тарайтындықтан, бұған дейін індетпен ауырып шыққандар мен екпе салдырғандардың вирусты қайта жұқтыру ықтималдығы бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі жалғасып жатыр. Біз вирустың қалай пайда болғанын нақты білуіміз керек. Сонда болашақта қазіргідей жағдай қайталанбайды, - деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Өзгелердің жаңалығы