ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын қайта тексереді

9 Ақпан 2021, 21:02
1436
Бөлісу:
ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын қайта тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы AstraZeneca вакцинасын сынау нәтижелерімен тағы бір рет танысу үшін сарапшылар, иммундау жөніндегі мамандар комиссиясын шақырды.

Жексенбіде Оңтүстік Африканың мамандандырылған бөлімі Оксфорд ғалымдарының қатысуымен жасалған ағылшын-швед препаратын қолданылған екпе салу науқанын тоқтатты.
 

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс екпе салу науқанының тоқтатылуы вакцина нәтижесіне байланысты болғанын айтты.
 

Бұл жаңалық алаңдаушылық тудырып отыр, бірақ бірнеше түзету жасау керек. Екпе науқанын тоқтату екпе нәтижесінен туындағаны белгілі. Бұл жерде мәселе ең алдымен, сынаққа қатысқандардың санына қатысты болса, екіншіден олар жас және денсаулығы жақсы азаматтар болды. Біздің ендігі мақсатымыз – егер аурудың түрі орташа ауырлықтан аса ауыр деңгейге дейін өзгерсе, тиімді иммундық реакцияның сақтала ма, соны анықтау, - деді ол.
 

«Кент штаммы» деп аталатын вирус 30%-ға жұқпалы емес, сонымен қатар одан болатын өлім-жітім саны да көп. Бұл тұжырымдар Лондон жұқпалы аурулар институтының қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижесінде жасалды. 
 

Бұған дейін ғалымдар AstraZeneca компаниясының СOVID-ке қарсы вакцинасы коронавирустың оңтүстікафрикалық штаммынан тек 10%-ға қорғайтынын мәлімдеген болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы