ДДСҰ: COVID-19 салдарынан тұмауды ұмыттық

16 Маусым 2020, 14:37
1829
Бөлісу:
ДДСҰ: COVID-19 салдарынан тұмауды ұмыттық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тұмау туралы ақпарат алмасу деңгейінің күрт қысқарғанын айтты, деп жазады interfax.ru.

Әлемде COVID-19 коронавирус пандемиясы аясында тұмаумен ауыратындарды мониторингтеу қарқындылығы төмендеді, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

COVID-19 пандемиясына байланысты тұмаумен ауырғандардың көрсеткіші төмендеді немесе тұмау туралы ақпарат алмасу күрт қысқарды, - деді Гебрейесус ДДҰ брифингі барысында.

Оның айтуынша, мұндай жағдайға пандемия салдарынан зертханалардағы жұмыстың шамадан тыс артуы және коронавируспен күресу үшін персоналды қайта мамандандыру шаралары әсер етіп, тұмаумен күресуге COVID-19-ға байланысты енгізілген шектеулер кедергі болып отыр. 
Өткен үш жылмен салыстырғанда, біз бүкіл әлемде тұмауға тестілеу ауқымында айтарлықтай құлдырау барын көріп отырмыз, - деді ол.
Бас директор ДДҰ-мен серіктес ұйымдардың тұмау вирусы бар үлгілерді орталықтарға жеткізу көрсеткіші биыл 64%-ға қысқарғанын атап өтті. Бұдан басқа, GISAID дүниежүзілік ғылыми бастамасы базасында генетикалық дәйектілік туралы деректері бар тұмаумен сырқаттану жағдайлары туралы ақпарат беру көлемі де 94%-ға қысқарған.



Өзгелердің жаңалығы