ДДСҰ COVID-19-дың жаңа рекордын тіркеді

25 Шілде 2020, 14:28
1680
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-19-дың жаңа рекордын тіркеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейінгі рекордты ұйым 18 шілдеде жазып алды. Ол кездегі ДДҰ мәліметтері бойынша, тәуліктік өсім 259,8 мың адамды құраған болатын.

Соңғы тәулікте әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 284 196 жағдайы тіркеліп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл - бір тәулік ішіндегі ең жоғары көрсеткіш деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты.

Бір күн бұрын 247 225 вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, 7 097 өлім-жітім жағдайы анықталған болатын. ДДСҰ статистикасы мемлекеттер ұсынған вирус жұқтыру және өлім-жітім жағдайларының ресми расталған мәліметтерін ғана ескереді.

Инфекция жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынды Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағы алады - 8 121 700 адам. Бір тәулік ішінде бұл көрсеткіш 173 187-ге өсті. Онда қайтыс болғандардың саны 7 663-ке артып, 325 625-ке жетті.

Еуропада 3 170 382 науқас және 209 421 өлім-жітім жағдайы тіркелген. 24 сағат ішінде вирус жұқтырғандар саны 22 522-ге, қайтыс болғандар саны 451-ге өсті.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орынды Оңтүстік-Шығыс Азия алады. Онда науқастар саны 1 625 564-ке жетті, 38 111 өлім-жітім тіркелді. Бір тәулік ішінде ауру жұқтырғандар саны 54 247-ге артып, 908 адам қайтыс болды.

Ұйымның мәліметінше, бүкіл әлемде вирус жұқтырудың 15,2 млн жағдайы анықталып, 628 мыңнан астам адам қаза болды.



Өзгелердің жаңалығы