ДДСҰ басшысы: Қауіп әлі сейілген жоқ

20 Маусым 2020, 12:25
1292
Бөлісу:
ДДСҰ басшысы: Қауіп әлі сейілген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы кезекті брифингінде пандемия қарқын алғанын және 18 маусым күні коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді, деп жазды Хабар24.

Яғни бір тәулікте 150 мың адам COVID-19 індетіне шалдықты, мұндай дерек бұрын тіркелмеген. Соның тең жартысы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі. Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста да жағдай ушығып тұр.
Дүниежүзі қауіпті кезеңге аяқ басты. Оған шектеулердің алынып тасталғаны, карантин мерзімінің аяқталғаны және жергілікті билік экономикалық қиындықтарды еңсеруге кіріскені себеп, – дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.
Қазіргі кезде жер жаһанда 8 миллион 350 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 450 мыңнан астамы қайтыс болды.
Қауіп әлі де сейілген жоқ. Індет әлі де үрей туғызып тұр, – дейді Тедрос Адханом Гебрейесус.


Өзгелердің жаңалығы