ДДСҰ балаларды вакцинациялаудың қысқаруына алаңдаушылық білірді

16 Шілде 2020, 10:52
1326
Бөлісу:
ДДСҰ балаларды вакцинациялаудың қысқаруына алаңдаушылық білірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен БҰҰ Балалар қоры коронавирус пандемиясынан туындаған препараттарды жеткізудегі іркіліс салдарынан балаларды вакцинациялау деңгейінің төмендеуіне байланысты алаңдаушылық білдірді, деп жазады interfax.ru.

ДДСҰ мен ЮНИСЕФ әлемде қажетті вакцина алатын балалар санының төмендеуіне алаңдаушылық тудыратыны туралы ескертті,-делінген екі ұйымның баспасөз хабарламасында.
Мамандардың пікірінше, мұндай қысқарту балалар мен жасөспірімдерге арналған вакциналардың кең ауқымын таратуда асқан қиындықпен қол жеткізілген прогреске қауіп төндіреді.

ДДСҰ басшысы Адханом Гебрейсус "пандемия бұл табысқа қауіп төндірді" деп мәлімдеді. 

Балаларда әдеттегі иммунизация жетіспеушілігінен туындаған қайғы-қасірет пен өлім деңгейі пандемиядан гөрі айтарлықтай әсер қалдыруы мүмкін, - деді ол.

Пандемия кезінде әлемде коронавирус індетінің 13,5 млн оқиғасы тіркеліп, 583 мың адам көз жұмды. Ал, 8 млн адам сауығып шықты.
Өзгелердің жаңалығы