ДДҰ: Әлем елдері коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

15 Сәуір 2020, 00:20
1497
Бөлісу:
 ДДҰ: Әлем елдері коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде CОVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары өсімінің қысқаруына қарамастан, ДДҰ әлем елдерінің коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жетпегенін мәлімдейді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Еуропаның кейбір елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары азайып келе жатқанына қарамастан, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырудың шарықтау шыңына жеттік деп айтуға әлі де ерте деп есептейді.  
Коронавирусты жұқтырғандардың 90%-ы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Сондықтан біз әлі вирусты жұқтырудың шыңын байқап отырған жоқпыз, – деді ДДҰ спикері Маргарет Харрис. 
 
Мәселен, қазіргі уақытта коронавирус таралып бастаған Қытайда инфекцияның сырттан әкеліну жағдайлары үлкен қауіп төндіріп тұр. 
 
Әлемде коронавирусты 1,93 млн адамның жұқтырғаны тіркелген. 120 мыңнан астам адам вирустың кесірінен қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы