Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

4 Қазан 2020, 22:15
1321
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны 5 қазан күні ауа райына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өрт шығу қаупі аса жоғары.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 6-7 күндері тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. 5-7 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.

Тараз қаласында 7 қазанда түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс-Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде ақжауын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 06 қазанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %

Өзгелердің жаңалығы