Дәурен Абаев ИСЕСКО бас директорымен кездесті

16 Қыркүйек 2022, 17:41
1050
Бөлісу:
Дәурен Абаев ИСЕСКО бас директорымен кездесті
PHOTO

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мохаммед Альмаликпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

 

Дәурен Абаев ИСЕСКО бас директорымен кездесті

Биыл ИСЕСКО өзінің 40 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде ұйым көптеген жобаларды жүзеге асырды, өзара іс-қимыл мен мәдени алмасудың тиімді құралына айналды. ИСЕСКО-ға кірген уақыттан бері Қазақстан осы ұйымның қамқорлығымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып келе жатқаны қуантады. Бұл кездесу біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі болатынына сенімдімін. Біз жаңа жобалар мен бастамаларды ұсынуға дайынбыз, - деді Дәурен Абаев.

Өз кезегінде Салим бин Мохаммед Альмалик әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтіп, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігімен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Ол тарихи-мәдени мұра саласындағы мамандар үшін семинарлар мен курстар, әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар өткізу жалғасын табатынын айтты.

Дәурен Абаев ИСЕСКО бас директорымен кездесті

Сондай-ақ, Салим бин Мохаммед Альмалик Қазақстанның тарихи-мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Біздің анықтама: ИСЕСКО 1982 жылы 3 мамырда Ислам Конференциясы Ұйымының (Қазіргі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы/ИЫҰ) мамандандырылған мекемесі ретінде құрылғанын атап өту қажет. ИСЕСКО миссиясы-ИЫҰ-ға мүше елдермен адами ресурстарды дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, бірлескен мәдени бағдарламаларды іске асыру, дінаралық диалог орнату жөніндегі қызметті кеңейту саласындағы ынтымақтастық. 1984 жылдан бастап ИСЕСКО ЮНЕСКО-мен белсенді жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы