Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

16 Тамыз 2022, 17:48
849
Бөлісу:
Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты
PHOTO

2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

Сондай-ақ, министр жас әдебиетшілерді қолдау саласында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

Біз "Жаңа қазақ әдебиеті" атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың  жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды. Сонымен қатар, қазір жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын "Айбоз" тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз- деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты
Өзгелердің жаңалығы