Дәріханалардағы бағаны бақылаудың қандай тетіктері жасалуда?

9 Желтоқсан 2020, 16:29
1576
Бөлісу:
Дәріханалардағы бағаны бақылаудың қандай тетіктері жасалуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде журналистердің сұрағына жауап берді. 

Қазір бұл бағыт бойынша жұмыс біркелкі жүргізілуде. Мемлекет басшысының бағаны бақылауға алу мәселесіне қатысты тапсырмасына орай, қазір дәрі-дәрмек бағасын реттеу ережесіне өзгерістер енгізіп жатырмыз. Оның ішінде дәрі бағасына қойылған үстемелерді екі есе төмендету бойынша шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар коронавирусқа қарсы препараттарға қарсы жүргізіледі. Одан бөлек маркетингтік шығындарға қатысты ереже болған, оны да қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Дәріханалардағы бағаны бақылаудың қандай тетіктері жасалуда?

Нұрлыбек Асылбеков брифинг барысында дәрі бағасы қымбаттауының негізгі себебіне де тоқталды.

Дәріханалардағы бағаны бақылаудың қандай тетіктері жасалуда?

Жалпы, дәрінің шекті бағасы жылына екі рет бекітіледі. Соңғы рет шекті баға шілде айында бекітілді. Алты мыңнан астам дәрі түріне шекті баға қойылды. Мемлекеттік реестрде 7500-ден аса дәрі-дәрмек түрі тіркелген. Алайда дәрілер тіркелгенімен біздің нарықта жоқ. Қазір біз оны жүз пайыз қамтамасыз еттік. Ал дәрі бағасын төмендету мәселесіне келер болсақ, қазіргі таңда коронавирусқа байланысты үкімет, министрлік тарапынан көп жұмыс жасалды. Соның бірі – сырттан келетін реестрде тіркелмеген дәрі-дәрмек түрлерін елге жеңіл кіргізу, дәріханалар мен қоймаларға уақытылы жеткізу шарасы. Сырт мемлекеттерден қажетті дәрілік препараттарды көптеп әкеліп, елдегі дәріханаларды толтырып қойдық деп айта аламыз. Дәрі бағасының көтерілуі осы бағытта көрінді. Жалпы бағаның реттелуі тіркелген дәрілерге байланысты. Жоғарыда айтып өткен ережеде осы мәселені де назарға алып отырмыз, - деді Асылбеков.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінде республика «жасыл» аймақта тұр. Жоғары қауіпті немесе «қызыл» аймақта 2 өңір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы бар. Елімізде жаңажылдық мерекелерге қарсы қосымша шектеулер енгізілмейді. 
Өзгелердің жаңалығы