Дәріханалар арқылы сатқан: Жамбылда есірткі бизнесін ұйымдастырған 60 жастағы ер адам сотталды

Тергеу барысында ірі көлемде күшті әсер ететін препараттар тәркіленді. Қылмыстық топтың қалай әшкереленгені белгілі болды.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 20:41
Бүгiн 2026, 20:41
143
Фото: видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері 2025 жылы Тараз және Алматы қалаларында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған ауқымды арнайы операция жүргізді.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері кешені нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі мөлшерде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, жолы кесілді.

Санкцияланған тінту барысында дәріханалардан 364 дана «Трамадол» ампуласы, 1869 құты «Тропикамид», 412 дана «Сомнол» таблеткасы, 72 дана «Димедрол» таблеткасы, сондай-ақ 17,16 грамм «Оксивин» заты тәркіленді.

Аталған дәрілік препараттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымы қатаң бақылауда болатын күшті әсер ететін заттардың қатарына жатады. Оларды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сақтау және өткізуге тыйым салынған, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аса ірі мөлшерде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы Тараз қаласының 60 жастағы тұрғыны ұйымдастырып, қылмыстық топқа жетекшілік еткені анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-бөлігімен (ұйымдасқан топты құру және оған басшылық ету) қылмыстық іс тергелді.

Оның екі сыбайласына қатысты ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлігімен (ұйымдасқан топқа қатысу) қосымша тергеу жүргізілді.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 17 жылға, ал екі сыбайласы 15 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, - делінген ПД хабарламасында.

Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы ауыр қылмыс болып саналатынын және мұндай әрекеттер үшін заңнамада қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Еске салсақ, Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат азаптап, көлігін тартып алмақ болғандар ұсталды. Белгілі болғандай, бес адам танысының әрекетін сылтау етіп, жәбірленушіні күшпен ұстап отырған.

Тағы оқи отырыңыз: "Қарызы бар адамды тауып беремін": Ақтөбеде кәсіпкер 4 миллион теңгеден айырылды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Наверх