Дәрігерлердің еңбегін көрсететін «Инелік» телехикаясы эфирге шығады

19 Қаңтар 2021, 22:38
4513
Бөлісу:
Дәрігерлердің еңбегін көрсететін «Инелік» телехикаясы эфирге шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан дәрігерлердің жанкешті еңбегін көрсететін «Инелік» отандық телехикаясы эфирге шығады.

Туындыда науқастардың тағдыры, 40-қа жуық ауру түрлері мен олардың емдеу жолдары көрсетіледі. Телехикая  кейіпкерлердің сан алуандығымен және қалтарыстағы түрлі оқиғалардың, қиындықтар мен шиеленістердің шешілу жолдарын көрсетуімен өзгеше. Сериал медицинаның тереңіне бойлатып, дәрігер мамандығының қиындығын, антына адал жандардың өмірін баяндайды.

Телехикая идеясы Бас дәрігер Кәмшаттың «Дәрігердің инелік сияқты жылдам, төзімді, қажет болса тоқтамастан мұхитты ұшып өтетіндей қасиеті болуы керек», - деген ұстанымымен астасады. Мақсат – медицина мамандарының басынан өткендерін баяндай отырып, мамандыққа деген құрметті арттыру, дәрігерлердің еңбегін дәріптеу. 

Телехикая Алматы облысының Текелі қаласында түсірілді. Басты рөлдерде Салтанат Қалиева, Назгүл Қарабалина, Ақберген Жұмабай, Сұлтан Алтынбай, Нарқыз Тамабай, Захира Рахымжан, Мейіржан Нұров ойнайды. Режиссері – Мұрат Жұмабаев.

Жаңа туынды Ұлттық арна эфирінен дүйсенбі-жұма аралығында 21:30-да көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы