Дәрігерлер Астанадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Жарылыстан зардап шеккен төрт адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

 ©BAQ.KZ / Марк Брюшко 16 Шілде 2026, 11:19
16 Шілде 2026, 11:19
216
Фото: ©BAQ.KZ / Марк Брюшко

Астанадағы Шара Жиенқұлова көшесінде тандыр самса дайындайтын дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігерлердің мәліметінше, оқиғадан төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды, бір науқасқа амбулаториялық бақылаумен үйіне қайтуға рұқсат берілді.

Тағы бір зардап шегуші №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, - деп мәлімдеді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. 

Қазіргі уақытта барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада дәмханалардың бірінде жарылыс болғаны туралы жаздық. 

Наверх