Дәрігерлер 4 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалып отыр

5 Маусым 2023, 14:44
917
Бөлісу:
Дәрігерлер 4 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалып отыр
Фото: ДСМ

Анестезиологтар мен реаниматологтардың жұмыс күндері әрдайым экстремалдылықпен және қауіптілікпен байланысты, өмірі қыл үстінде тұрған пациенттің өмірін сақтап қалу үшін дереу және нақты шешімдер қабылдау қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сол қарқынмен күн сайын Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған медициналық орталығы бөлімшесінің дәрігерлері жұмыс істейді, онда бір жылда 4 мыңнан астам адам өмірге оралады. Мұнда 18 төсектік шұғыл және жоспарлы науқастарға анестезиологиялық және реанимациялық көмек көрсету бөлімшесі орналасқан.

Бөлімшеде 16 штаттық анестезиолог-реаниматолог дәрігер, 23 анестезиолог мейіргер, 22 реанимациялық мейіргер, сондай-ақ 18 кіші мейіргер жұмыс істейді.

Бүгінде ШҚ ОММО анестезиология реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің қызметкерлері жоспарлы және шұғыл анестезиологиялық жәрдем, ауыр жағдайдағы науқастарға қарқынды терапия жүргізуді қамтамасыз ете отырып, облыс және Өскемен тұрғындарына тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді.

Көбінесе пациенттер сауығып, дәрігерлерге шынайы алғыс сөз қалдырады.

«Аурухананың барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз . Өмірімізді сақтап қалғаны үшін анестезиология және реанимация бөлімшесінің қызметкерлеріне, хирургке ризашылығымызды білдіреміз». Бұл жолдар ризашылық білдіретін пациент қалдырған кері байланыстың бір бөлігі болып табылады. Бүгінде оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бірақ ағымдағы жылдың сәуір айында оның өмірі қыл үсінде тұрған еді.

 Реанимация бөлімшесінде және реанимация палаталарында жатқан науқастарға күтім жасау аурудың нәтижесіне байланысты болатын күрделі іс-шаралар кешенін білдіреді. Бұл, ең алдымен, бөлімшеде санитариялық-гигиеналық режимді сақтау, реанимация жүргізу, ауыр және ессіз жағдайдағы науқастарға күтім жасау қабілетіне қатысты. Пациент жағдайының тез өзгеруі науқасты мұқият бақылауды, жағдайды нақты бағдарлауды және кәсіби байқауды талап етеді, - дейді ШҚО ОММО реанимация және қарқынды терапия анестезиологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Гаухар Мырзағалиева.

Дәрігерлер 4 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалып отыр

Бөлімше дәрігерлерінің күш-жігері анестезиологтар пациентпен жұмысты аяқтаған кезде ғана емес, сонымен қатар хирургиямен байланысты емес жағдайларда да адамның өліміне жол бермеуге бағытталған. Бұл инфаркт, инсульт, ауыр жарақат, улану, эндокринологиялық ауыр пациенттер де осында. Біздің дәрігерлеріміз жылына 6 мыңға жуық анестезиологиялық араласу жүргізеді, - дейді дәрігер.

Бөлімшенің жұмысына анестезия мен қарқынды терапияның барлық ұтымды заманауи әдістері, соның ішінде анестезияның аралас және үйлестірілген әдістері енгізілді, бұл хирургтарға күрделі операцияларды, соның ішінде ауыр қосалқы аурулары бар және функциона лдық резервтері күрт шектелген науқастарда орындауға мүмкіндік береді. Қарқынды терапия палаталарындағы пациенттерге көмек заманауи бақылау және тыныс алу аппаратурасын пайдалана отырып, жоғары деңгейде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы