Дәрігер неліктен шұжық рак ауруын туындататынын түсіндірді

11 Қаңтар 2024, 00:29
970
Бөлісу:
Дәрігер неліктен шұжық рак ауруын туындататынын түсіндірді
Фото: pixabay.com

Превентивті медицина дәрігері, эндокринолог Наталья Зубарева шұжықтың құрамындағы нитриттер рак ауруына ұшырататынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігер арнайы институттың зерттеу нәтижелерін ұсынды. Айтуынша, күнделікті 50 грамм шұжықты тұтыну тоқ ішек обырының қаупін 18 пайызға арттырады.

Обырды халықаралық зерттеу институты (International Agency for Research on Cancer) қайта өңделген етті канцерогендердің (ред. - рак ауруын туындатқыштар) 1-тобына қосты. Ғалымдардың көптеген зерттеуі шұжықтың рак ауруын туындататынын дәлелдеп отыр. Күнделікті 50 грамм шұжықпен тамақтану арқылы сіз тоқ ішек обырына шалдығу қаупін 18 пайызға арттырасыз, - деді ол.

Наталья Зубарева қайта өңделген еттен бас тартудың 4 себебін атады.

Ең әуелі етті өңдеу барысында, амин қышқылдары көмірсулармен әрекеттесе отырып құрамында азоты бар заттарға, яғни канцерогендерге айналады. Екіншіден шұжықтың құрамында натрий нитриті мен калий нитриті болады. Олар шұжыққа қызғылт түсті өң береді. Әрі ботулизм қоздырғыштары дамуының алдын алуға көмектеседі. Үшіншіден ішекке түскен нитриттер өз кезегінде канцерогенді нитрозаминдерге айналуы мүмкін. Төртіншіден жартылай қақталған шұжыққа мықты канцероген – бензпирен қосылады, - деп тізіп берді маман.

Эндокринолог айтып өткендей, адам организмінде канцерогендердің көп мөлшерде жиналуы салдарынан түрлі мутациялары бар балалар дүниеге келеді.

Өзгелердің жаңалығы