Дәрігер коронавирустан сақтанудың жолын айтты

9 Тамыз 2022, 13:13
888
Бөлісу:
Дәрігер коронавирустан сақтанудың жолын айтты

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлжайнат Тілеген КВИ жұқтырмаудың бірден-бір жолы – вакцина алу және ревакцинациядан өту екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, 2022 жылдың 8 тамыз күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 200 жаңа жағдайы тіркелген, оның 193 симптомдық белгілері бар және 7 симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда 500 төсек-орын жасақталған және онда 123 пациент ем алып жатыр, оның 58-і бала.
Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 662 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 543, симптомсыз 119 науқас бар. 

Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 1 241 540 адам,  2-ші компонентін 1 207 511 қала тұрғыны салдырғанын айтты.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясымен 119 065 адам екпе алды. Оның ішінде 4 684 жүкті әйелдер, 15 896 емізулі аналар және 55 045 балалар мен жасөспірімдер егілді. Өткен жылдың 22 қарашасынан бері 606 513 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Вирусты жұқтырмау өзімізге байланысты. Карантин талаптарын қатаң сақтау, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, көпшілік іс-шаралар өткізуден және көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болуымыз керек,-деді Гүлжайнат Тілеген.
 

Өзгелердің жаңалығы