Дәрігер: Індетті тұсаулаудың жалғыз жолы – вакцинация

9 Ақпан 2021, 10:39
1408
Бөлісу:
Дәрігер: Індетті тұсаулаудың жалғыз жолы – вакцинация

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 ақпаннан бастап Ресей Федерациясында өндірілген «Sputnik V» вакцинасымен Қазақстан халқын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталған болатын.

Қарағанды қаласындағы «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК-ның  невропатолог дәрігері Әсел Артаева індетті тұсаулаудың жалғыз жолы – вакцинация екенін айтады.

1 ақпаннан бастап елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Осы орайда індеттің өршуіне байланысты үкімет ел тағдырына алаңдағандықтан тегін вакцинамен қамтамасыз етіп отыр. Халыққа түсіндіру мақсатында жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы, сәбилерге салынатын БЦЖ немесе Кальметта-Герен бацилласы (Bacillus Calmette-Guérin, BCG), АКДС және өзге де  вакциналар сияқты бұл вакцина да аурудың алдына алуға көмектеседі, - дейді ол.

Әсел Нұржанқызы өзі де алғашқылардың бірі болып екпе салдырған.

Дәрігер ретінде  мен  де вакцина салдырдым. Індеттен келер қауіпті сезінгендіктен, өзімнің ғана емес, жақындарымның өміріне алаңдағандықтан екпе алдым, - дейді дәрігер.

Айта кетейік, вакцинаны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды. Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов  1 ақпаннан бастап бүгінге дейін 719 адам (78%-дан артық) вирусқа қарсы екпе алып үлгергенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы