Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ph.D, м.ғ.к., дәрiгер-кардиолог Дәуренбек Нысанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сақ болыңыздар! Қазiр коронавируспен ауырған адамдардың көптiгi соншалықты Алматыдағы ауруханалардың бәрi ковидпен ауырғандарды жатқызатын ауруханаға айналған. Бәрiнде орын жетiспей жатыр. Басқа қалаларда да, облыстарда да iндет күннен күнге, сағат сайын көбеюде. Биылғы iндет былтырғыға қарағанда тез жұғады, тез тарайды, өте қауiптi. Өйткенi бiздiң елiмiзге мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа түрлерi (Британиялық, Бразилиялық және Оңтүстiк Африкалық штаммдары) келдi, - деп түсіндірді ол.
Кардиологтың айтуынша, көпшiлiк жиналған жерде ковид жұқтыру оңай.
Отбасыларыңызға, бүкiл туыстарыңызға, таныстарыңызға, әрiптестерiңiзге бәрiне айтыңыздар! Iндеттен сақтану шараларын ұмытпаңыздар! Көпшiлiк жиналған жерде ковид жұқтыру оңай. Сондықтан тойларға, жиындарға бармаңыздар! Санэпид қызметтiң талаптарын бұлжытпай орындаңыздар! Ковид жұқтырудан сақтана бiлсек, бұл iндеттi де жеңемiз! Өздерiңiздi және жақындарыңызды iндеттен қорғаңыздар, жақындарыңызға көмектесiңiздер! Сiздерге халқымызға амандық тiлеймiн!, - деп ескертті дәрігер.