Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желідегі аккаунттары - фейк

19 Қаңтар 2022, 15:12
1744
Бөлісу:
Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желідегі аккаунттары - фейк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде аккаунттары жоқ. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады. 

Zakon.kz хабарлағандай, соңғы кезде Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде фейк аккаунттарын ашу көбейді.

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде жеке аккаунты жоқ, - деп түсіндірді оның баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ Дариға Назарбаеваның қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайты мен «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» сайты арқылы немесе аталған ұйымдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы жарияланатынын еске салды.

Айта кетейік, 17 қаңтарда Дариға Назарбаева қаңтардың соңына дейін өз есебінен демалыста екені белгілі болды. 12 қаңтарда БАҚ Мәжіліс депутатының коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқанын жазды.

Өзгелердің жаңалығы