Дәрі-дәрмек импорты бір жылда 17% өсті

21 Қараша 2022, 13:00
978
Бөлісу:
Дәрі-дәрмек импорты бір жылда 17% өсті

Осы жылдың қаңтар–қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 112 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға аз, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе өндірістің ең көп көлемі Шымкентке тиесілі: 46 млрд теңге, бір жылда плюс 10,3%. Жетекші өңірлердің үштігіне Алматы облысы (31,1 млрд тг, плюс жылына 23,4%) және Алматы (16,2 млрд тг, плюс 7,7%) кірді.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елге 1 млрд АҚШ доллары сомасына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Заттай өсім 17,3%, ақшалай өсім 25,8% құрады.

ТМД елдерінен 101,3 млн АҚШ доллары сомасына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн АҚШ доллары сомасына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек - өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.

Өзгелердің жаңалығы