Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

20 Наурыз 2019, 14:47
2358
Бөлісу:
Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

Аcтана, BAQ.KZ. Дариға Назарбаева Сенат депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы Сенат спикері болып сайланды.

Бұған дейін, ол Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда туған, білімі жоғары. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.

Саясат ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

Мәжіліс төрағасының орынбасары, Премьер-министрдің орынбасары, Парламент Сенатының депутаты болды.

"Парасат", екінші дәрежелі "Барыс", Француз Республикасының өнер және әдебиет ордендерімен, "Нұр Отан" ХДП "Белсенді қызметі үшін" медалімен, ҚР Конституциялық Кеңесінің "Конституциялық заңды нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы