Дархан Қыдырәлі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті

14 Мамыр 2023, 08:08
790
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: gov.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Талдықорған қаласында Жетісу жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр салада атқаралып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді жан-жақты айтып берді. Ақпарат, жастар, дін, инклюзия, азаматтық қоғам, жалпы, елге қажетті мәліметтер сөз болды.

Тұрғындар қоғамдағы түйткілді жайттарды көтерді. Диструктивті ағымдармен күрес, медиа контент, жалған ақпараттың алдын алу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды.

Кездесуден соң министр жеке сұрақтары бар азаматтарды қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.

Өзгелердің жаңалығы