Дархан Қыдырәлі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Бүгін министр Дархан Қыдырәлі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Ақпан 2023, 21:12
АВТОР
 @aqparatqogam 10 Ақпан 2023, 21:12
10 Ақпан 2023, 21:12
1136
Фото: @aqparatqogam

Бүгін министр Дархан Қыдырәлі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу аясында мерзімді басылымдарды тарату, Мемлекет басшысының «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесуінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері сөз болды. 

Сондай-ақ тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту, «Қазпошта» АҚ-ның газет-журнал жеткізу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде пошта байланысы операторының қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Наверх