Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті

3 Тамыз 2023, 22:04
658
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті
Фото: gov.kz

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездестім. Кездесу барысында бала құқықтарын қорғау, қоғамдағы балаларға қатысты қатыгездікті болдырмау бойынша кеңінен ақпараттық жұмыстарды жүргізу мәселелерін талқыладық. Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда бала құқығын қорғауға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірнеше маңызды мәселе көтергені белгілі. Ақпараттық кеңістік балалардың рухани-адамгершілік және құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі. Сондықтан біздің басты міндетіміз – бала құқығын қорғау шаралары мен тетіктері туралы кеңінен ақпарат беру. Соған байланысты баспасөз құралдарында бала құқықтарын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылдануда, - деп жазды министр.

Бұған дейін халықаралық сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен медиа-этика және балалардың құқығын қорғау тақырыбында кездесулер өткізіліп, нәтижесінде арнайы ұсынымдар әзірленген еді.

Сонымен қатар министрліктің бастамасымен Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі арнайы нұсқаулық дайындалды. Сондай-ақ таяуда Түркістан облысында мемлкеттік органдардың, сарапшылардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Онда бұл мәселе бойынша нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынады деген ойдамыз. Бүгінгі кездесу аталған жиынның алдындағы кеңесу іспетті. Бұл бағытта Динара Болатқызымен алдағы уақытта да жүйелі түрде бірлесе жұмыс істей береміз деп сенеміз, - деді министр Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы