Дархан Кәлетаев Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен кездесті

27 Сәуір 2022, 16:26
1203
Бөлісу:
Дархан Кәлетаев  Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киевте Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиковпен кездесті. 

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық саладағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері, іскерлік байланыстарды қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндіктері талқыланды.

Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Қазақстан халқына қоғамдық ұйымдар мен белсенділер тарапынан көрсетілген қолдау мен гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы