Дәния Еспаева: 109 млрд теңге бөлінген ғылым саласында неге нәтиже жоқ?

17 Мамыр 2023, 14:50
2519
Бөлісу:
Дәния Еспаева: 109 млрд теңге бөлінген ғылым саласында неге нәтиже жоқ?
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Еліміздегі ғылым саласындағы қызметте бөлініп жатқан қыруар қаржыға қарамастан елеулі нәтижелер байқалмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаева Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

Соңғы бес жылда елімізде ғылымды дамытуға жұмсалатын шығын 60 пайызға дейін өсті. Олардың басым бөлігі бюджет қаражатынан құралған. Өткен жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыс 89 млрд теңгеден 109 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан ғылым саласында, ғылыми-техникалық қызметте елеулі нәтижелер байқалмайды, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Айтуынша, ғылым қазақстандықтардың өмірін жақсартуға ықпал ететін жаңа деңгейге көтеруі тиіс.

Айта кетейік, Мәжілістегі Үкімет сағатында елдегі ғылым саласындағы ең өткір және жүйелі проблемалар мен оның нәтижелерін коммерцияландыру мәселесі талқыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы