«Даму» қоры кәсіпкерлік нысандарды 3 толқын бойынша субсидиялады

24 Тамыз 2021, 17:13
2723
Бөлісу:
«Даму» қоры кәсіпкерлік нысандарды 3 толқын бойынша субсидиялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Әлия Ағыбаева айтты.

Өздеріңіз білетіндей, коронавирус пандемиясы кезінде әлемдік экономикамен қатар, карантиндік шаралардың себебінен отандық бизнес те зардап шекті. Осыған орай Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті жедел қолдау бойынша тапсырма берді. «Даму» қоры 3 толқын бойынша кәсіпкерлік нысандарын субсидиялады, - деді ол.
Оның сөзінше, бірінші толқын бойынша 8 921 жобаның 476 млрд теңгеге несиесі субсидияланса, екінші толқын аясында 85 млрд теңгеге 2420 жобаны, үшінші толқын бойынша 277 млрд теңгеге 2 636 жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2021 жылдың 7 айы ішінде 14 мыңнан астам жобаның несие мөлшерлемесі субсидияланды. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11 есе артық. Ал берілген несие көлемі 3 есеге өсіп, 542 млрд теңгені құрады.

Субсидия алуға өтініш берген кәсіпкерлік салалары бойынша өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда алдыңғы қатарда тұр.

«БЖК-2025» және «ҚЗЭ» бағдарламалары аясында кепілдік алған жобалар саны 10 900-ден асты. Өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 есеге өсті. Кепілдендірілген несиелердің жалпы сомасы 197 млрд теңгені құраған. 2020 жылдың 7 айдағы көрсеткішінен 3 есе артық. Салаларға шаққанда алдыңғы қатарларда тағы да өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда саттық тұр, - деп толықтырды Әлия Ағыбаева.
Бұған дейін бизнесті қолдау бағдарламалары аясында 68,5 мың жобаға қолдау көрсетілгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы