Дамир Исмағұлов қазақстандық командамен келісімшартқа отырды

13 Қараша 2020, 11:45
1429
Бөлісу:
Дамир Исмағұлов қазақстандық командамен келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC ұйымында жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов (19-1) қазақстандық Dar Team командасымен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Dar Team командасы танымал спортшымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді:

Дамир Исмағұлов ресми түрде Dar Team командасының спортшысы атанды. Өздеріңіз білетіндй ол әлемнің үздік лигасы UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Қазір ол жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді, – деп жазды ұйым Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, Dar Team бұған дейін қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев және Жұман Жұмабековпен келісмшартқа отырған.

Өзгелердің жаңалығы