Астана, baq.kz. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.
10 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 жылдамдықта, екпіні 25 м/с-ға жететін жел соғады.Шымкент және Түркістан қалаларында 10 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Актау қаласында 10 қаңтар күні түнде және таңертең тұман түседі.
10-12 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 10-11 қаңтар күндері солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
Оқи отырыңыз: