Еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жарияланды

24 Шілде 2019, 17:23
1303
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.

"25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан, солтүстік соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 25 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Семей қаласында 25 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 25 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

"25 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - деп хабарлады синоптиктер.

Ал 25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 25 шілдеде түнде және таңертен тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы