Дұрыс шешімдердің арқасында Бартоғай су қоймасын сақтап қалдық – ҮАК директоры

28 Тамыз 2020, 16:21
4924
Бөлісу:
Дұрыс шешімдердің арқасында Бартоғай су қоймасын сақтап қалдық – ҮАК директоры
EX PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Судың да сұрауы бар. Шаруаралға суды дұрыс пайдалану мәдениетін үйренетін кез келді. Бұрынғыдай көлгөсір су енді болмайды, фермердің жер көлеміне, сұрауына қарай ғана береміз. Бұл туралы Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының директоры Серікқали Мұқатаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.


Бартоғайдың суы неге азайды? 

Оның айтуынша, биыл құрғақшылық жыл болған. Оның үстіне Алматыда жаз мезгілі жылдағыдай ыстық болмағандықтан таудағы мұздықтардың еруі де төмендеген. Соның салдарынан Еңбекшіқазақ және Талғар ауданындағы шаруаларды сумен қамтып отырған Бартоғай су қоймасына жиналатын су көлемі де азайған. Су тапшылығы егістікпен айналысатын шаруаларға оңай тимейтіні аян, алайда ҮАК мекемесі бұл қиындықтарды дер кезінде еңсере білген.

бар2.jpeg

Көктемде біз Бартоғайға 292 млн текше метр су жинаған едік, су қоймасының жобалық сиымдылығы 320 млн текше метр. Суды пайдалану мезгілі басталған кезде қоймаға келіп құйатын судың көлемі одан шығатын суға қарағанда 70 пайыз төмен болды. Осылайша Бартоғайдағы судың көлемі кеміп, төмен түсе бастады. Есептегенімізде биыл Бартоғай су қоймасына 212 млн текше метр су аз келді. Егер бұлай болмағанда су молынан жетер еді,-дейді ҮАК директоры.

бас.jpeg

Диқандарға беретін судың көлемі азайған соң мекеме маусым айында бұл мәселені шешу үшін шара қолдана бастаған. Яғни, әр фермерге жер көлеміне қарай су беруді қолға алған. Ол үшін әр шаруаға қанша су керек, қай кезде суарып бітеді соның бәрін есептеп шығыпты. Оған қоса түңгі суару жұмыстарын да енгізген. Мұның бәрін аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып атқарып, олар қолдау көрсеткен.

бар3.jpeg

Шілде айында су мөлшері азая бастаған соң су айналымын енгіздік. Яғни, суды бес күн Шелек пен Бартоғайға бердік, бес күн ҮАК-қа жіберіп отырдық. Осы бес күн ішінде оларға суды молынан бердік, нәтижесінде фермерлер егіндерін суарып үлгерді. Осы су айналым жұмысы кезінде Бартоғай су қоймасына біраз су жинап алдық, ондағы су 13 млн-нан 28-млн текше метрге дейін көтерілді. Осылайша дағдарысты, қиын кезеңнен өте білдік. Бұл шешімдер дер кезінде қабылданды деп ойлаймын. Су айналымын енгізбегенде Бартоғай су қоймасы ендігі бос қалар еді. Яғни шаруаларды да сумен қамтып, Бартоғайды да сақтап қалдық. Тамыздың 11-нен бастап фермерлерге су бұрынғыдай қалыпты түрде беріліп жатыр,-деді С. Мұқатаев.
бар1.jpeg

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше фермер су жетпей жатыр деп дабыл қаққан еді. ҮАК директоры осы мәселеге қатысты да жауап берді.

Су пайдаланушылардың шағымына қатысты талдау жасадық. Біз ол жерге суды молынан бергенбіз, алайда кейбір шаруашылықтар суды дұрыс пайдалана алмады. Су мөлшерінің төмендеуі біздің қандай қателік жіберіп жатқанымызды көрсетті және біз оны дер кезінде түзедік. Бар мәселе қолда бар суды үнемдеуде. Ол үшін түңгі суаруды енгізу қажет, бір сөзбен айтқанда суды шектен тыс пайдаланбау керек. Кейін бірнеше фермер хабарласып, судың құнын енді түсініп жатқандарын айтты. Келешектегі жұмыстарымызды аудан әкімдерімен жоспарлап қойдық. Ендігі жылдан бастап суды пайдалану мерзіміне дейін әр каналға жоспарлы су есептейміз. Бұл фермерлерді суды ұқыпты пайдалануға үйретеді. Бұрынғыдай көлгөсір су болмайды, тапасырысына қарай ғана алады. Өйткені су барлығына жету керек,-деді ол.
бар4.jpeg

Қыс кезінде «Қазгидромет» биыл су 45 пайыз аз болатынын мәлімдеп, судың тапшылығына алдын ала болжам жасаған. Үлкен Алматы каналы мекемесі де көп кешіктірмей аудан әкімдеріне биыл судың тапшы болатынын мәлімдеп, егетін дақылдардың түріне мән беру жөнінде хат жіберіпті. Алайда оны ешкім ескермеген көрінеді.

болса.jpeg

Су тарифі

Егер шаруа қожалық суды тікелей Үлкен Алматы каналынан алатын болса 1 текше метр су – 33 тиыннан айналады екен. Алайда делдалдар, Ауыл шаруашылық кооперативтері каналдың суына баға қосып фермерлерге жеткізеді екен. Ол кей жағдайда 1 теңгеден асып кететін көрінеді.

Ол дұрыс емес, егер шаруалар тікелей бізден алса арзан болар еді. Сол үшін әкімдікпен бірігіп халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізсек деп отырмыз,-дейді ҮАК директоры.
бар5.jpeg

Сонымен қатар, С.Мұқатаев су жүретін арықты үнемі тазалап отыру қажеттігін айтады, ол су шығынын азайтады.

Су арналары 24 жылдан бері тазаланбаған. 2019 жылы каналдың 212 шақырымын тазалап шықтық. Осы тазалау жұмыстарынан кейін каналдың су өткізу қабілеті, пайдалы коэффиценті артты. Сол сияқты шаруалар да өзіне тиесілі аумақты тазалап отыру керек. Мысалы, фермерлер бізге 200 текшке метр суға тапсырыс берсе, біз 220 текшке метр жібереміз. Өйткені бол бойында су жоғалады, сондықтан біз суды артығымен береміз,-дейді ол.

Енді алаңдауға негіз жоқ

 

"Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалының Суды пайдалану және гидрометрия бөлімінің басшысы Мейрам Арыстанов биыл Бартоғай су қоймасындағы су төрт есеге төмендеп кеткенін айтады. Алайда мамандар дер кезінде әрекет етіп, Бартоғайды жойылып кетуден сақтап қалған.

бар6.jpeg

Қазіргі уақытта Бартоғай су қоймасында 20 млн текше метр су жиналған. Былтыр осы уақытта 80 млн текше метр су болған еді. Осы жылдың сәуір-шілде айлары аралығында 212 млн текше метр су аз келді. Біз жергілікті атқарушы органдармен және фермерлермен бірлесіп бұл қиын жағдайдан шыға білдік. Қазір суармалы кезең аяқталуда. Су тапшылығы болмай тұрғанда Бартоғайдан секундына 100 текше метр су жіберіп келсек, кейін суды әр гектарға есептеген соң 75-80 текше метр су жіберетін болдық. Бұл жерде 20 текше метрден су үнемделіп, Бартоғай су қоймасын сақтап қалдық,-дейді ол.

мейрам.jpeg

Сонымен қатар, ол су қоймасының жанынан салынғалы жатқан Су электр станциясына қатысты да түсініктеме беріп өтті.

СЭС-тің жобасын әзірлегенде олар бізбен келіс жұмыстарын жүргізді. Біз оларға СЭС-тің жұмысы суармалы маусымға сәйкес болу керек деген талап қойған едік. Яғни, біз қоймаға су жинаған кезде олар жұмыс атқармайды. Тек шаруаларға суды жіберген кезде ғана қосады. Сондықтан бұл жерде халыққа еш алаңдаудың қажеті жоқ,-дейді Мейрам Арыстанов.

Сұдың да сұрауы бар

 

Талғар ауданындағы «Сабыр» шаруа қожалығының басшысы Исмайыл Тамазов осы Үлкен Алматы каналының арқасында нәпағасын тауып отырғанын айтады.

снова2.jpeg

Біздің шаруашылық 1994 жылы құрылған, содан бері соя, картоп және алма өнімдерін өсіріп келеміз. Бұл жерде ағайындыларыммен бірге жерді өңдеп отырмыз. Бұған дейін де барлығымыз ауыл шаруашылығымен айналысқанбыз. 1985 жылы Үлкен Алматы каналының суын алғаш пайдаланғадардың бірі біз. Оның үстіне табысымыздың 50-60% осы каналға байланысты. Су – өмір дейтін болсақ, шаруалар үшін ол тіптен қасиетті дүние. Биыл су тапшылығын көрген жоқпыз, су жылдағыдай келіп тұрды. Осы маусымға 1 млн 50 мың текше метр суға тапсырыс бердім және оны 3-4 ай пайдаландым. Біз суды жөн-жосықсыз пайдалана бермейміз, ретімен тұтынамыз. Суды бағалай білу керек. Өнімнің шығыны тек суға қарап тұр деп айтуға болмайды. Жерді қалай игересің, солай өнім аласың. Жерді аялап, оны жақсы баптай білсең ғана жақсы өнім аласың, сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек,-дейді фермер.
тамазлов.jpeg

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта тамшылатып суару әдісін қолға алу қажеттігін айтты.

бар18.jpeg

Бізде тамышылатып суаруды әлі енгізбедік, бірақ соны енгізсек деп ойлап жүрміз. Алдағы уақытта тағы алма отырғызсам деп отырмын. Соған тамшылатып суаруды іске қосамын. Жалпы бара-бара барлығымыз соған келеміз. Біз болмасақ біздің ұрпақтарымыз соған келеді. Өйткені су азайып барады, оны үнемдеп пайдалану қажеттігі туындап тұр,-дейді ол.

Жүгері мен сояның элиталық тұқымын шығарумен айналысатын Будан» ЖШС-нің атқарушы директоры Ермек Өскенбаев та суды ретімен пайдалану қажеттігін айтады.

бар14.jpeg

Биыл расымен қуаңшылық бар, ол табиғаттың заңы. Дегенмен Үлкен Алматы каналы ұжымының ерен еңбегінің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатырмыз. Өйткені осы күнге дейін жүгеріні арықпен суарамыз. Оған тамшылатып суару жарамайды, жүгерінің тамырлары жан-жаққа тарайды. Егер ол уақытында су ішпесе өнім де болмайды. ҮАК мамандары қанша су керек, соны уақытылы жеткізіп тұрды. Арасында суды өзіміз тоқтататын кездер де болады. Ол кезде ұжымға барып өтініш қалдырамыз. Бұл мекеме үнемі шаруалардың ыңғайына қарап жұмыс істейді. Қазір ауыл шаруашылық кооперативтерін құрып жатыр. Солардың ұйымдастыру қасиеттерінің болмауынан шаруаларға суды кейде дұрыс үлестіріп бере алмай жатады,-дейді ол.
бар8.jpeg

Сонымен қатар, ол 120 адамды жұмыспен қамтып отырғанын, масуым кезінде 300-350 адамды жұмысқа тартатынын айтты.

Біздің шаруашылық жүгерінің, сояның элиталық тұқымын шығарумен айналысады. Қазақстан бойынша жүгері өсірушілердің 70%-ын тұқыммен қамтамасыз етіп отырмыз. Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің стандартынан өткен 17 жүгері гибриді бар, соның 12-сі қазір өсіріліп жатыр. Мына жер ғылыми селекциялық жерде аталықө және аналық жүгерілерді бөлек өсіреміз. Оларды будандастыру арқылы жүгерінің жаңа түрін шығарамыз. Біздің тұқымның шетелдікіне қарағанда қандай айырмашылығы бар дегенге келер болсам, біздің тұқымдар әр облыс, ауданға бейімделген. Яғни, олардың ауа райына, топырағына, жауын-шашынына дейін бейімделген. Оның үстіне бізден алынған жүгерінің барлығы Үкіметтен 50% субсидияланады. Қожалықтар бізден жүгері сатып алса оған зертханалық сараптама, стандарт, лицензия мен куәлігіне дейін қолдарына береміз,-дейді фермер.
бар10.jpeg


Бартоғай су қоймасы

Бартоғай су қоймасы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек өзенінің бойында орналасқан. 1983 жылы қолдануға берілген Бартоғай су қоймасының жобалық көлемі – 320 млн текше метр, оның ішінде пайдалы көлемі – 250 млн тешке метр.

Бартоғай су қоймасы, ҮАК-ның бас құрылымы, Шелек су торабы, Күрті су қоймасы және Тасқұтан сукөтергіш бөгеті секілді ірі гидроқұрылымдар, «Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалы теңгерімне кіреді.

Филиал 6 өндірістік бөлімшеден тұрады: Бартоғай, Шелек, Таусүгір, Еңбекшіқазақ, Қаскелең және Күрті бөлімшелері.

ҮАК-ның бас құрылымы Үлкен Алматы каналының бастамасы болып табылады, жалпы ұзындығы 168 шақырым, оның ішінде 149 км филиал теңгерімінде. 1983 жылы пайдалануға берілген, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының 32 755 гектар егіндік жерін сумен қамтамасыз етеді.


бар15.jpeg

2019 жылы 47 178 гектар жерді егін сумен қамтамсыз ету үшін, 358 келісім шарт, осы жылы 52 915 гектар жерді егін сумен қамтамсыз ету мақсатында 453 келісім шарт жасалыпты. Шаруалардың негізігі өсіретін дақылдары соя, жүгері, көп жылдық шөп, көкөніс және бақша. 

бар16.jpeg


 

Өзгелердің жаңалығы