Дәрігерлердің қауіпсіздігі басты назарда – вице-министр

15 Сәуір 2020, 18:17
1327
Бөлісу:
Дәрігерлердің қауіпсіздігі басты назарда – вице-министр

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров Алматы қаласы бойынша коронавирус жағдайына қатысты жасаған бейне-үндеуі барысында айтты.

Соңғы кездері медицина қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуына қатысты туындаған сұрақ көп. Стратегиялық тұрғыдан біз тәуекел тобында жұмыс істеу керегін анықтадық. Бірінші орында, медициналық ұйымдар тұр.  Олар тестілеуден толығымен өтеді. Ол үшін барлық қажетті құралдар, сынақтар, материалдар бар. Бұл бағытта нақты жұмыс жоспары жасалды, - деді Қамалжан Нәдіров.
Вице-министр дәрігерлердің қауіпсіздігі назарда болуы керегін айтты.
Ең алдымен, дәрігерлердің қауіпсіздігі назарда болуы керек. Статистика жағымсыз бағытта өсетіні түсінікті. Өкінішке орай, біз әріптестеріміз немесе пациенттер арасында жаңа инфекцияларды анықтаумызы да мүмкін. Егер қазір барлық вирус ошағын тұсаулағымыз келсе, дәрігерлерді жаппай тексеруден өткізуіміз қажет, - деді ол. 
Дәрігерлерден бөлек, тестілеуден вируспен күресте алғы шепте жүрген қызметкерлер: полицейлер, блок-бекет қызметкерлері және қызмет бабымен вируспен күресте алда жүрген өзге де қызметкерлер өтеді. Оның ішінде азық-түлік дүкендерінің сатушылары да бар. 
Біздің мақсатымыз – барлық қауіп тудыруы мүмкін деген бағытты барынша қамтып, вирус ошағын мейлінше ерте кезеңде анықтау. Тек сонда ғана жұмыс толыққанды жүргізілді деп айта аламыз, - деді Қамалжан Нәдіров.
Өзгелердің жаңалығы