Дәрігерлер сенаторларға жаңа кардиологиялық орталық қажеттігін айтты

8 Қаңтар 2020, 21:33
2447
Бөлісу:
Дәрігерлер сенаторларға жаңа кардиологиялық орталық қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру аясында аймақтардағы жұмысты жалғастыруда. Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кардиоорталықта тек Шымкент тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан келген пациенттер де ем алуда. Мұнда 300-ден астам дәрігер науқастарға ем-дом көрсетеді. Дәрігерлердің көпшілігі шетелден оқып келген.

Кардиологиялық орталықтың басшысы МРТ аппараттарын жаңғырту, сондай-ақ орталықтың жаңа ғимаратын салу қажеттігін айтты.

Сенаторлар "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "АГФ Групп" кәсіпорнында да болды. Экономикалық аймақтың мақсаты – бизнесті қолдау және бар кедергілерді жою болып табылады.

"АГФ Групп" компаниясы нарықта 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді және 250 қызметкерге жұмыс беріп отыр. Өндірісте жылына көлемі 3 миллионнан астам өнім шығарылады, оның ішінде мектеп формасынан терезе торларына дейін түрлі өнім түрлері бар. Кәсіпорында өнім импорты мен экспорты барысында Еуроодаққа мүше елдерге жіберілетін шикізатты сатып алу пен мемлекеттік баж төлеу кезінде өзекті мәселелер бар екені айтылды.

 


 

Өзгелердің жаңалығы