Цой вакцинациялау пунктерінде қанша вакцина бар екенін айтты

10 Маусым 2021, 09:49
1723
Бөлісу:
Цой вакцинациялау пунктерінде қанша вакцина бар екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің вакцинациялау бекеттерінде 1,2 млн вакцинаның бірінші компоненті және 835 мың екінші компоненті бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Цой атап өткендей, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр.

Жалпы 3,6 млн доза вакцина қолданылды. Оның ішінде 2 371 178 адам вакцинаның бірінші компонетін алды. Ол халықтың 24%-ын құрап отыр. Ал екінші компонентті 1 264 247 адам салдырды. Бүгінгі күні вакцинациялау пунктерінде вакцина дозасы жеткілікті. 1,2 млн бірінші компонент және 835 мың екінші компоненті бар, - деп атап өтті Денмин басшысы.

Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Жергілікті атқарушы органдар вакцинациялау процесінің қарқынды жүргізілуін және халықтың арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту керек, - дейді Цой.

Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Республика «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауысты. Індет жұқтыру көрсеткіші оптимистік сценарийге сәйкес келеді. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің үнемі бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы