Цой коронавирусқа байланысты үш түрлі болжам жасады

25 Мамыр 2021, 10:12
2483
Бөлісу:
Цой коронавирусқа байланысты үш түрлі болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды. 

Сонымен, пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраған кезде 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны 95 мың адамды құрайды. Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді, - деді Цой.

Ал оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды болса, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды деп отыр.

Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы