Цой: Емделіп жатқан науқастар саны азайып келеді

18 Мамыр 2021, 09:32
878
Бөлісу:
Цой: Емделіп жатқан науқастар саны азайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ден емделіп жатқан науқастар санының азаюы байқалып келетінін айтты.

Күнделікті төсек-орын санына жүргізілетін мониторинг бойынша өңір бөлінісінде 18 мамырдағы жағдай бойынша төсек-орынның 36 пайызы бос емес, ал реанимациялық төсектің 28 пайызы бос емес. Төсек-орындардың 49 пайызы Нұр-Сұлтанда бос емес. Бұл ең жоғары көрсеткіш, - деп министр баяндады.

Сондай-ақ Алматы облысында 45%. Реанимациялық төсек-орындармен қамтылу Нұр-Сұлтан қаласында - 52% және Алматы қаласында - 47% байқалады.

10 мамырдағы жағдай бойынша емделіп жатқан науқастар санының 18 мамырдағы жағдай бойынша 41 мыңнан 38 мың адамға дейін азаюы байқалады. Оның ішінде стационарлық ем алып жатқан науқастар саны 15 мыңнан 13 800 науқасқа дейін, амбулаториялық емделуде 26 мыңнан 24 300 науқасқа дейін азайды, - деп Алексей Цой Үкіметте айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Жалпы КВИ-ден Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 320 241.

Айта кетейік, Қазақстан «сары» аймақта орналасқан. Оның ішінде «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары, «сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы және қалған 6 өңір «жасыл» аймақта тұр.

Өзгелердің жаңалығы