Цой Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады

15 Қазан 2020, 22:02
1229
Бөлісу:
Цой Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласында іссапармен жүр. Министр А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жұмысымен танысты. 

Денсаулық сақтау министрі орталықтағы клиникалық-диагностикалық зертханада, рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінде, сондай-ақ гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесін аралады.

Аталған орталық ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен отандық хирургияның флагманы болып саналады. Мұндағы мамандар халыққа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету бойынша үздік ұйымдастырушылық-әдістемелік тәжірибе жинақтаған.

А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздегі көпбейінді медициналық клиникалары арасында жетекші орын алады. Мұнда хирургиялық емнің барлық түрі бар, сондай-ақ трансплантологиялық көмек көрсетіледі.

Сапар қорытындысы бойынша А. Цой орталық жұмысының сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына да барды. Министр 18 жасқа дейінгі балалар бөлімшесінің жұмысымен танысты. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ашылған заманауи ПЭТ/КТ орталығын аралап көрді.

ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ онкологиялық аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға, тиімді емдеуге және оңалтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырады. Институт клиникасында жыл сайын 8 500-ден астам пациент емделеді, жылына 1500-ден астам хирургиялық операция жасалады.

Институтта республика бойынша қатерлі ісіктің белгілі бір түрін емдейтін бірегей бөлімшелер жұмыс істейді. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қатерлі ісіктерді дәрімен емдеудің заманауи принциптері, соның ішінде таргеттік терапия, жоғары дозалы химиотерапия және имуунотерапия кеңінен қолданылады. Клиника ісікті толыққанды, жан-жақты диагностикалау мен емдеу үшін заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Институт зертхананасында жалпы клиникалық зерттеуден бастап  молекулалық-генетикалық зерттеулерге дейін жасалады.

Өзгелердің жаңалығы