Цой Алматыдағы №7 ауруханаға барды

26 Наурыз 2021, 18:18
2364
Бөлісу:
Цой Алматыдағы №7 ауруханаға барды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі А.Цой бастаған делегация Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына барды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат - қала басшылығымен эпиджағдайды талқылау және медициналық мекемелерде COVID-19-бен күрес жұмыстарымен танысу. 

Министрлік делегациясымен қатар №7 ауруханаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев келді.

Алматыға жұмыс сапары кезінде Денсаулық сақтау министрі А. Цойға карантин жағдайындағы стационар жұмыстары, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспары таныстырылды. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешені көрсетілді, - делінген хабарламада. 

Жиын барысында Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін айтты. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой клиникадағы маман мәселесіне тоқталып, КВИ жағдайы Президенттің басты назарында екенін атап өтті. Жұмыс сапары соңында министр КВИ-мен күрес және оның таралуын тоқтатуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы