COVID-19: Жаңа Зеландия шекарасы әзірге ашылмайды

22 Желтоқсан 2021, 08:56
986
Бөлісу:
COVID-19: Жаңа Зеландия шекарасы әзірге ашылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландияда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненті мен бустерлік доза арасындағы мерзім қысқартылды, деп жазды Хабар 24. 

Бұған дейін ол 6 ай болса, енді 4 ай болып белгіленді. Сөйтіп билік келер жылдың ақпанына дейін халықтың 80 процентін қайта вакциналауды жоспарлап отыр. Мұндай шешім қабылдауға омикронның тез таралуы себеп. Жаңа штамм шетелден келген азаматтардан ғана анықталып жатыр. Сондықтан билік шекараны ашу шешімін кейінге қалдырды. Сөйтіп шетелдіктер мұнда тек көктемде ғана кіре алады.  

Жоспар бойынша үш миллион жаңазеландиялық ақпанның соңына дейін бустерлік доза салдыруы тиіс. Егер олардың көп бөлігі препаратты дер кезінде қабылдаса, біз омикроннан жақсы қорғанамыз. Өкінішке қарай, жаңа штамға қатысты болжамдар көңіл көншітпейді. Жыл соңына дейін тәуліктік өсім 25 мыңға дейін жетуі мүмкін, - дейді Жаңа Зеландияның коронавируспен күрес жөніндегі министрі Крис Хипкинс.

 

Өзгелердің жаңалығы