COVID-19. Ұлыбритания вакциналарды араластыруға мүмкіндік береді

3 Қаңтар 2021, 19:42
1238
Бөлісу:
COVID-19. Ұлыбритания вакциналарды араластыруға мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар егер вакцинаның бірдей дозасы болмаса, коронавирусқа қарсы екі вакцинаның комбинациясын жасай алады.

Ұлыбританияда дозаны араластыру туралы зерттеулердің болмауына қарамастан, сирек жағдайларда әртүрлі препараттармен COVID-вакцинация жасауға рұқсат етіледі. Бұл туралы Reuters 3 қаңтарда хабарлады.

Ұлыбритания билігі егер вакцинаның бірдей дозасы болмаса, адамдарға COVID-19-ға қарсы екі вакцинаның жиынтығын жасауға болатынын мәлімдеді

Егер бірдей вакцина болмаса немесе алғашқы алынған препарат белгісіз болса, вакцинация кестесін аяқтау үшін қол жетімді препараттың бір дозасын ұсынған дұрыс, - делінген жаңа нұсқаулықта.

Өз кезегінде Англия Денсаулық сақтау министрлігі иммундау бөлімінің бастығы Мэри Рамзи бұл өте сирек жағдайларда ғана болатынын және үкімет бірнеше апта аралығымен кемінде екі дозаны енгізуді қажет ететін вакциналарды араластыруды ұсынбайтынын жеткізді.

Сонымен бірге, Үкіметтің жаңа ережелерінде «Сovid-19 вакциналарының өзара алмастырылатындығы туралы ешқандай дәлел жоқ, бірақ зерттеулер әлі де жалғасуда» делінген, бірақ ұсыныстарда егер пациент «жоғары қауіп тобында» болса немесе «оның қайта келуі екіталай» деп саналса, сол вакцинамен иммундау режимін аяқтау үшін оған басқа вакциналар енгізілуі мүмкін екендігі жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұған дейін Pfizer Covid-вакцинасын мақұлдаған болатын. ДДСҰ шұғыл қолдану үшін Pfizer вакцинасын ұсынды. Бұл Сovid-19 басталғаннан бері осы тізімге енгізілген алғашқы вакцина.

Өзгелердің жаңалығы