COVID-19. Украинада вакцинаның 8 миллионға жуық дозасы қолданылды

22 Тамыз 2021, 10:51
9054
Бөлісу:
COVID-19. Украинада вакцинаның 8 миллионға жуық дозасы қолданылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 8 миллионға жуық дозасы қолданылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ел COVID-19-ға қарсы препаратының 15 миллионнан астам дозасын алды. Ақпан айының соңында жаппай иммундау басталғаннан бері 5 миллион украиндық алғашқы дозаны алды, ал 3 миллион адам вакцинацияның толық курсынан өтті. Пандемия басталғаннан бері Украинада 2 271 826 COVID-19 инфекциясы анықталды, 53 394 адам қайтыс болды. 

COVID-19-бен күресте түбегейлі шаралар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавируспен вакцинацияланбаған азаматтар кинотеатрларға, мейрамханаларға және басқа да қоғамдық орындарға бару үшін КВИ тестін тапсыруы керек деді. ПТР-тестінің теріс нәтижесінің болуы ішкі авиаұшуларды және қоғамдық көлікте қалааралық сапарларды жасау үшін міндетті болады.

Өзгелердің жаңалығы