COVID-19. Украинада 6 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді

25 Қазан 2020, 15:20
1161
Бөлісу:
COVID-19. Украинада 6 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы korrespondent.net агенттігі хабарлады.

Бір күн бұрын коронавирустан жүзден астам украин қайтыс болды, ал ауруды 1,7 мыңнан астам адам жеңді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте Украинада COVID-19-дың 6088 жаңа жағдайы анықталды, осылайша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 343 498-ге дейін өсті. 

Сонымен бірге 6 391 украин коронавирустан қайтыс болды, 141 508 украин ауруды жеңді. Оның 102-і өткен тәулікте қайтыс болса, 1 753 науқас ауруынан айықты.

Өзгелердің жаңалығы