COVID-19. Шекара арқылы өткен 108 жолаушыдан анықталған

15 Қаңтар 2021, 14:44
1719
Бөлісу:
COVID-19. Шекара арқылы өткен 108 жолаушыдан анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік шекарасының Павлодар облысының аумағындағы бөлігінде 4 автокөлік өткізу пунктінде, азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні 14 014 ПТР-зерттеу жүргізіліп, COVID-19-дың шеттен әкелінген 108 жағдайы тіркелген.

Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына 52 133 адам (орташа есеппен тәулігіне 150-400 адам), оның ішінде 32 980 - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер және 19 153 жолаушы келген.

ПТР-тексеру үшін карантиндік стационарларға 1 915 ҚР азаматы орналастырылған. Анықтамасыз келген 747 шетел азаматтары шекарадан кері қайтарылды.

Соңғы тәулікте шекарадан 303 адам өтті (118 жаяу, 185 жүк көлігінің жүргізушісі), карантиндік стационарға 5 қазақстандық орналастырылған.

Бір тәулік ішінде «Үрлітөбе» бекетінде COVID-19-дың 3 расталған жағдайы (симптомсыз) анықталды. Үшеуі де екі жақты жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер. Екеуі Павлодар қаласының және біреуі Петропавл қаласының тұрғындары.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 14 қаңтарында ПТР талдауының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматына елге кіруіне тыйым салынды.

Өзгелердің жаңалығы