COVID-19: Ресейде жаңа рекорд

7 Мамыр 2020, 21:14
1652
Бөлісу:
COVID-19: Ресейде жаңа рекорд

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері Ресейде 1625 адам қаза болған. Ресейде соңғы тәулікте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 231 жаңа жағдайы тіркелген. Бұл пандемияның басынан бергі жаңа абсолютті рекорд, деп хабарлады korrespondent.net пандемияның таралуымен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.


Бұл елде коронавирус індетімен ауырғандардың жалпы саны 177 160-ға жетті. Тәуліктік өсім 6,8% құрайды. Бір күн бұрын Ресейде тәулігіне 10 559 ауру оқиғасы туралы хабарланған болатын.

Ауырғандар саны бойынша Ресей Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сәйкес Германияны (168,1 мың оқиға) және Францияны (174,2 мың оқиға) басып озып, әлем елдері бойынша бесінші орында тұр.

АҚШ (1 млн 228,6 мың), Испания (220,3 мың), Италия (214,4 мың) және Ұлыбритания (202,3 мың) алда келеді. Инфекция жұқтырғандар Ресейдің 84 өңірінен анықталған, ең көбі Мәскеуде – 6703. Мәскеу облысында 842 ауру, Нижегород облысында – 312, Санкт-Петербургте – 306.

Ресей Федерациясында коронавирустан жалпы 1625 адам көз жұмды, оның ішінде соңғы тәулікте 88 адам қаза болған. Басқа елдермен салыстырғанда, Ресейде құрбандардың ресми саны салыстырмалы түрде төмен. Мәселен, Германияда 7275 адам, ал Францияда 25 812 адам қайтыс болды.

Елде 23 803 науқас сауығып шықты, оның 2476-сы соңғы тәулікте. Естеріңізге сала кетейік,7 мамыр күні әлемде COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 3,7 миллионнан асты. 263 841 адам қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы