COVID-19. Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

1 Ақпан 2022, 09:37
1041
Бөлісу:
COVID-19. Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі 2,4 есе өскен. 

Бұл ретте аурудың ең көп өсуі 5 өңірде, атап айтқанда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Аталған аймақтарда індет 6,0 есеге өскен, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар ол сырқаттанушылықтың өсу қарқынына тоқталды. 

Сырқаттанушылық 7 өңірде: Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарында және Алматы қаласында 2,0-ден 6,0 есеге дейін өсті. 5 өңірде: Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өсім 2,0 есеге дейін – байқалады, - деді ведомство басшысы. 

Денсаулық сақтау министрі орын алған эпидахуалға байланысты қандай іс-шаралар атқарылуы тиістігін ескертті. 

Жергілікті атқарушы органдар халықтың арасында коронавирус инфекциясының вакцинациялау, маска режимі, қол жуу секілді алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы қажет. Осы жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, қоғамдық ұйымдарды  тарту керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы