COVID-19. Қаңтар айында 196 мыңнан астам адам індетке қарсы екпе алған

1 Ақпан 2022, 10:40
1662
Бөлісу:
COVID-19. Қаңтар айында 196 мыңнан астам адам індетке қарсы екпе алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, вакцинация бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Қаңтар айында 196 мыңнан астам адам егілді. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында вакцинациялау бойынша барынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы ел бойынша вакцинациялауға жататын ересек халықтың 80%-дан астамы немесе ел халқы санының 51,7%-ы бірінші компонентпен және 77 және 47,8%-ы екінші компонентпен вакцинацияланды, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Сондай-ақ ол 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын балаларды вакцинациялау бойынша шешім қабылдауға шақырды. 

Егілуі тиіс 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 40%-ы екпе салдырған. Екінші компонентпен қамту 21%-ды құрады. Сонымен қатар жалпы 1-компонентпен 9,8 млн астам адам егілді. Екінші компонентті 9,1 млн астам адам алды. Еліміздің екі өңірінде - Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациямен қамту 60%-дан төмен. Халықты ревакцинациялау белсенді жүргізілуде, сондықтан вакцинаның үшінші дозасын 1,5 млн –нан астам адам, оның ішінде қаңтарда шамамен 1 млн адам алды, - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Айта кететін жайт, екпе салдырудан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай Министрліктің тұрақты бақылауында. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында вакцинациялауды, ревакцинациялауды және маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын орындарға баруды болдырмау сияқты профилактикалық шараларды сақтауды жалғастыру қажет. Әрқайсымыздың осы шараларды орындауға деген ұмтылысымыз бәрімізге аурудың дамуын басқаруға және пессимистік сценарийдің орындалуына жол бермеуге мүмкіндік береді, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы