Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея Қазақстанға COVID-19-бен күресу үшін 800 миллион долларлық ПТР тестілері мен медициналық жабдықтарды жібереді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку-Хун-Сокпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, оның аясында кореялық тарап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы гуманитарлық көмек көрсетті. «Seegene» компаниясы шығарған кореялық өндірістегі «2019-nCOV Assay» атты ПТР сынақтарының 388 жиынтығының алғашқы партиясы 2020 жылдың 19 қазанында Нұр-Сұлтанға келді. Бұл 38 мың 800 сынақ өткізуге мүмкіндік береді.
Бізді Оңтүстік Корея Республикасымен түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы бұрыннан келе жатқан достық серіктестік қарым-қатынастар байланыстырады. Пандемияның осындай қиын кезеңінде біз Корея мемлекетінің қолдауын ерекше бағалаймыз және Оңтүстік Кореяның жоғары басшылығына Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 таралуына қарсы күресте көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің достық қатынастарымыз, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік тек өзара түсіністік негізінде нығайып, дамитынына сенімдімін, - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
Ерлан Қиясовтың айтуынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын анықтау үшін 3 миллионнан астам зертханалық тексерулер жүргізілген. Сонымен бірге, ол пандемияға қарсы күрес үшін қосымша ресурстар жұмылдырылғанын атап өтті. Айталық, Ұлттық сараптама орталығында 160-тан астам вирусология зертхана қызметкерлері жұмыс істесе, ауқымды сынамалар жасауға бактериологиялық және аса қауіпті инфекциялар зертханаларының мамандары тартылды. Биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәрістер арнайы орындарда жүргізілген.
Корея Республикасы гуманитарлық көмектің екінші партиясын Алматы қаласына 2020 жылдың қазан айының соңына дейін жібереді. 72 оттегі концентраторы мен 50 пациентке арналған монитор ДДҰ-ның «WHO global supply chain» ғаламдық жеткізілім желісі арқылы сатып алынады. Гуманитарлық көмектің соңғы, үшінші партиясы FFP2 максималды кореялық өндірісі қалыптасу үстінде.
Еуропа мен Орталық Азия елдерінде пандемияның таралуы күн санап ушығып барады. Осыған сәйкес, Қазақстан үкіметі пандемияның екінші толқынына тыңғылықты дайындалуда. Корея Республикасы Үкіметінің көрсеткен гуманитарлық көмегі Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының екінші толқынына дайындық шараларына оң ықпал етеді деп сенемін, - деді Корея Республикасының Елшісі Ку-Хун-сок.